Қазақстандық "жедел жәрдем" жаңа автокөліктермен қамтамасыз етіледі - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстандық "жедел жәрдем" жаңа автокөліктермен қамтамасыз етіледі

444

Smiley face

Ұлттық экономика министрлігі жедел жәрдем, өрт сөндіру автомобильдері сияқты арнайы автокөліктерді шығаруды ұйымдастыру мәселесін қарастыруда, деп мәлімдеді бүгін 2019-2020 жылдарға арналған бюджет жобасының таныстырылымында депутат Михаил Бортник.
"Жаңарту процесі үздіксіз сипатқа ие. Біздің қалауымызға қарамастан, автокөліктердің кез келген санын сатып алсақ та, оларды 3-4 жылдан кейін қайтадан жаңарту керек болады", - деді М. Бортник.
"Бәйтерек" холдингінің басқарушы директоры Ерсаин Хамитов депутатқа жаңа автомобильдер отандық өндірістікі болады деп жауап берді.
"Бұл бізде жиналатын "Hyundai" автокөліктері. Иә, бұл бұрағыш құрастыру деп айтуға болады, бірақ жергілікті қамту үлесі аз, бұл қайта жабдықтаумен айналысатын компаниялар. Технология келесідей: автомобиль сатып алынады және оны жете жабдықтау жеке компаниямен жүзеге асырылады, ол Денсаулық сақтау министрлігінің стандарттары бойынша жұмыс істейді және онда жергілікті қамту бөлігінде мазмұны біршама көп. Лизингтік қаржыландыруға келер болсақ, ол 5-7 жылға дейін, жылдық 7%-ға бөлінеді. 2019-2020 жылдары біз 818 жедел жәрдем бірлігін жаңартуды жоспарлап отырмыз. Жалпы қажеттілік қазір 3 мыңға жуық", - деді Е. Хамитов.
Ұлттық экономика Вице-министрі Мәди Такиев жедел жәрдем қызметін автомобильдермен қамтамасыз етуді Мемлекет басшысы тапсырғанын атап өтті. Индустрия және инфрақұрылымдық даму және Денсаулық сақтау министрліктері арасында қазіргі уақытта жұмыс жүргізіліп жатқан Жол картасына қол қойылды.
"Бізде қазір паркте 2000 бірлік бар. 3 мыңға жуық бірлік қажет. Қазір ҚДБ арқылы бұл жұмыстардың барлығы Жол картасына сәйкес жүргізілуде. Бұл автомобильдер қазір шығарылады. Реанимобильдің құны - 34 млн, желілік бригадаларға арналған желілік автокөлік - 31 млн, А класты жедел жәрдемге арналған желілік автокөлік және жылжымалы медициналық кешен – 39 млн теңге", - деді М. Такиев.


Көзі: yunews.kz