Сәтбаев қаласының ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы пара алды деген күдікке ілінді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Сәтбаев қаласының ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы пара алды деген күдікке ілінді

444

Smiley face

Қарағанды облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі пара алды деген күдікпен Сәтбаев қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Келіншек өзінің қылмыстық ойынан хабарсыз болған ұлы арқылы «Хлебстрой» ЖШС-ның Қарағанды филиалының директорынан жалпы көрсеткен көмегі және «Өңірлерді дамыту – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында қалада жарықтандыру тетіктерін орнату бойынша орындалған жұмыстар актісіне кедергісіз қол қойып, қалған 4 млн. теңге сомасын ЖШС-ға аударғаны үшін 1 млн. 200 мың теңге сомасында пара алды деп күдікке ілініп отыр.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.


Көзі: yunews.kz