ҚР АШМ-ның «Қазсушар»-дың Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының бұрынғы директоры ақша жымқырғаны үшін сотталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

ҚР АШМ-ның «Қазсушар»-дың Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының бұрынғы директоры ақша жымқырғаны үшін сотталды

444

Smiley face

СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» ШЖҚ РМК Солтүстік Қазақстан филиалының бұрынғы директоры С. А. Жақаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
Ол іссапар шығындарын өтеуге және филиал қызметкерлеріне материалдық көмек төлеуге арналған бюджеттік ақшалай қаражатты, сондай-ақ өндірістік базадағы бақылау-өткізу пунктін қайта құру бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуде қызметтерді төлеуге арналған ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жалпы сомасы 6,9 млн.теңге болатын ақшаны жымқырды деген күдікке ілінген болатын.
А.ж. 10 қазанында Петропавл қалалық сотының үкімімен Жақаев сотталды және оған 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру мен мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды.


Көзі: yunews.kz