Қарағанды облысында 50 спорт нұсқаушысы аудандарға жұмыс істеуге жіберілді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қарағанды облысында 50 спорт нұсқаушысы аудандарға жұмыс істеуге жіберілді

444

Smiley face

Қарағанды облысында 50 спорт нұсқаушысы аудандарға жұмыс істеуге жіберілді. Бұл туралы Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Нұсқаушылар дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінде, жаңа спорт алаңдарында және әмбебап корттарда жұмыс істейтін болады. Осылайша, жыл сайын облыста ашылатын спорт нысандары тоқтап қалмайды.
"Біз елу адамға тренинг ұйымдастырып, өткіздік. Енді олар ауылдарда жұмыс істейді. Нұсқаушылар институтын енгізу бойынша жоба бұқаралық спортты дамыту үшін үлкен маңызға ие, және нақты жемісін бере алады", - деді дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Дмитрий Карпов.
Нұсқаушылар тек жаттығуларды ғана емес, сонымен қатар мәдени-демалыс жұмыстарымен де айналысады. Олардың міндеті - барлық жастағы ауыл тұрғындарын салауатты өмір салтына тарту.

 


Көзі: yunews.kz