Б.Сағынтаев «Медеу» мұз айдыны қалай өзгеретінін айтып берді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Б.Сағынтаев «Медеу» мұз айдыны қалай өзгеретінін айтып берді

444

Smiley face

Биік тау мұз айдыны «Медеудің» жаңа маусымға дайындығын тексердім. Прокат пунктерінің саны екі есе өсіп, конькилердің саны 2000-нан 3500-ге дейін артқан. Жалға берушілер бұрынғы конькилерді жаңартып, жаңаларын сатып алған. Билет беру жүйесі де жаңарған, яғни бірыңғай билет беріледі, оның құрамына прокатқа дейінгі шараның бәрі енген, билетті онлайн алуға да болады.

Мұз айдынының жұмысы екі емес, үш ауысыммен ұйымдастырылған. Мұз жиі тазартылады, соның арқасында оның бетінде сырғанау жайлы болады. Айдынның салқын бөлігінде фудкорт және демалыс орындары ұйымдастырылады.

Басты мақсат — клиенттерді шоғырландыру және функционалдық. Мұз айдынының қала мақтанышына айналған тарихи сәулет келбеті қалпына келтіріледі. Қалалықтар мен қала қонақтарын 19 қазанда конькимен сырғанаудың жаңа маусымының ашылуына шақырамын.

Smiley face

Smiley face

Smiley face


Көзі: yunews.kz