Павлодар облысында трактордағы полицей орман өртінен төрт адамды шығарды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Павлодар облысында трактордағы полицей орман өртінен төрт адамды шығарды

444

Smiley face

Павлодар облысы Аққулы аудандық полиция бөлімінің полиция қызметкерлері, майор Нариман Омарханов, аға лейтенант Мадияр Қадырхан және сержант Аманжол Диас Әйтей ауылының орман алқабында рейдтік іс-шаралар өткізу кезінде құрғақ шөптің салдарынан тез тұтанып, тарап жатқан өрт ошағын байқады. Өрт орнына келгенде олар түтін арасынан оттың ішінде қалған ауыл тұрғындарын көрді. Ауыл тұрғындары орманда қысқы отын дайындаған. Қызу жұмыс барысында олар төнген қауіпті байқамай қалған. Өрт құрсауында қалған ауыл тұрғындары техниканы жанудан сақтау үшін тракторларды тез арада топырақпен көміп тастаған, деп хабарлайды Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.
Болған оқиға туралы кезекші бөлімге хабарлаған тәртіп сақшылары қымбат уақытты жоғалтпай, көмекті күтпестен адамдарды өрттен шығару үшін оттың ортасына кірді. Екі ауыл тұрғынын қызметтік машинаға отырғызып, тракторлардағы екі жүргізушіге қалың түтін мен жалын арқылы бағдар беру үшін дабыл беретін маяктар мен сиренаны қосып, полицейлер жол көрсеткен. Тракторлардың бірінің рөліне полиция қызметкері Нариман Омарханов ие болды.
Құтқарылған ауыл тұрғындары полиция қызметкерлеріне шын жүректен алғыс білдірді.
Айта кету керек, өрт орнына жақын жерде қысқа дайындалған шөп бар. Полиция қызметкерлерінің қырағылығының арқасында өрт уақытында ауыздықталды және ауыл тұрғындарының үй малдары қыста жемсіз қалмайды.


Көзі: yunews.kz