ҚР азаматы терроризмді насихаттағаны үшін 10 жылға соттады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

ҚР азаматы терроризмді насихаттағаны үшін 10 жылға соттады

444

Smiley face

ҚР азаматы А.Битимбаев терроризм актісіне дайындалу, терроризмді насихаттау, діни араздықты тудыру және атыс қаруын заңсыз сақтау фактілері бойынша 10 жылға сотталды. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
Ол деструктивті діни идеологияны ұстанушы және Қазақстан Республикасында тыйым салынған "ДАИШ" халықаралық террористік ұйымының жақтасы ретінде ҰҚК-ның назарына ілінді.
Тексеру барысында оның Интернеттегі "ДАИШ" үгітінің ықпалымен халық көп жиналатын жерлерде жарылғыш заттарды пайдалана отырып терактілер жасауға дайындалғаны туралы ақпарат алынды.
Жасалған шабуылдан кейін ол шетелдік содырлардың қатарына кіру және террористік қызметті жалғастыру үшін Сирияға кетпекші болған.
Битимбаевтың бұл пиғылдарын бұзу үшін ағымдағы жылдың сәуір айында Алматыда ішкі істер органдарын тарта отырып ҰҚК күшімен оны ұстау жұмыстары жүргізілді.
Тінту кезінде одан атыс және жарақат салатын қару, қолдан жасалған жарылғыш құрылғы жасауға арналған компоненттер, үш сауда-ойын-сауық орталықтарының сызбалары, маска және қолғаптар табылды.
Битимбаевтың кінәсі куәгерлік айғақтармен, заттай және өзге де дәлелдемелермен толық дәлелденді.


Көзі: yunews.kz