Теміртауда жаңа қазандық салу ЖЭО-2 жылу қуатын 80 Гкал-ға ұлғайтады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Теміртауда жаңа қазандық салу ЖЭО-2 жылу қуатын 80 Гкал-ға ұлғайтады

444

Smiley face

Биылғы жылы Қарағанды облысының солтүстік бөлігінде жылыту маусымы бұрынғыдан ерте басталды. Ал аймақтың оңтүстігінде жылу бүгінгі күннен бастап беріле бастады. Бұл туралы брифингте Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ұлантай Үсенов мәлім етті.
"Жылу беру маусымына облыста барлық тұрғын үй және әлеуметтік-мәдени тұрмыстық нысандар дайындалды. Күзгі-қысқы кезеңге дайындық бойынша жоспарланған барлық іс-шаралар орындалды. 9 қазанға қарай 6 816 үйдің ішінде 4 659 көпқабатты үй жылу жүйесіне қосылды. Және 1 397 әлеуметтік мәдени тұрмыстық нысанның 1 181-іне жылу берілді", - деді Ұлантай Үсенов.
Ол сондай-ақ Теміртау қаласындағы ЖЭО-2 қазандығының құрылысы туралы айтты.
"Теміртау ЖЭО-2 жұмысы ерекше бақылауда. Елбасының тапсырмасына сәйкес №7 жаңа қазандықтың құрылысы басталды. Бүгін жаңа қазандық үшін корпусты қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Дайындық жұмыстары үшін мердігерлік ұйымды анықтау бойынша конкурс жарияланды. Қараша айынан бастап қазандық жабдығын дайындау басталады. Қазанды монтаждау және орнату конкурсын келесі аптада жариялау жоспарланып отыр. Жаңа қазандық пайдалануға берілгеннен кейін жылу қуаты 80 Гкал-ға және энергия генерациясы 60 МВт-қа артады деп күтілуде. Сондай-ақ, ағымдағы жылы Шахан кентінде қазандық салу жұмыстары басталды. Жаңа қазандық келесі жылы аяқталады", - деді Ұлантай Үсенов
ЖЭО-2 қазандық жабдығы 20 жылдан астам уақыт пайдаланылды. Соңғы үш жылда станцияда 5 қазандық жөнделді. Биыл бір қазандықты күрделі жөндеу және екі қазандықты ағымдағы жөндеу қарастырылған.
Спикер атап өткендей, 2018 жылы "Нұрлы Жол" бағдарламасы бойынша бюджеттік несиелендіру арқылы облыс орталығында 4 магистральды жылу желісі қайта жөндеуден өтті. Ағымдағы жылы осы бағдарлама бойынша республикалық бюджеттен Қарағанды және Жезқазған жылумен жабдықтау жобаларына қаражат бөлінді. Ұзындығы 5,5 км магистральды жылу желілерін қайта жаңарту қарастырылған.
Ұлтай Үсеновтың айтуынша, облыста көп қабатты тұрғын үйлердің жертөлелерінен АЖЖ шығару жұмыстары жалғасуда.
"Биылғы жылы Ағадыр кентінде үйлердің жертөлесінде болған барлық АЖЖ шығарылды", - деп атап өтті Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы.

Smiley face

Smiley face


Көзі: yunews.kz