Жабайы олжа - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Жабайы олжа

444

Smiley face
Фото Алматы облысының ПД
 
Алматы облысының полицейлері Іле өзенінде жабайы тәсілмен балық аулағаны үшін ауыл тұрғынын ұстады.
"Кербұлақ ауданы Көкбастау ауылында тұратын ер адам балық аулау үшін қолдан жасалған электр қармақты пайдаланған. Яғни, одан рация, резеңке қайық, аккумулятор және электр сымдары, сондай-ақ жабайы тәсілмен ауланған 55 кг балық тәркіленді. Браконьерлік фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.
Тәртіп сақшылары 6 күн ішінде табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 74 фактісі анықталғанын атап өтті, олардың ішінде заңсыз аң аулау, заңсыз ағаш кесу, балық ресурстарын заңсыз аулау және биоресурстар объектілерін заңсыз әкету фактілері бар.
"Тіркелген фактілер бойынша 19 қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған тәртіп бұзушылардан 6 тонна заңсыз ауланған балық (бес тоннадан астам көксерке және басқа да балық түрлері), 4 дана атыс қаруы, жабайы жануарлар мен құстардың ұшасы, заңсыз шабылған сексеуіл, 8 қайық, 5 км жуық желі және 20-дан астам түрлі аулау құралдары тәркіленді", - деп толықтырды облыстық полицияда.


Көзі: yunews.kz