Семей қаласында алаяқ бір күнде қала тұрғынына үш кредит ресімдеген - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Семей қаласында алаяқ бір күнде қала тұрғынына үш кредит ресімдеген

444

Smiley face

Жақында Затон полиция бөліміне қала тұрғыны алаяқтық туралы арызданған. Ол 3 қазан күні белгісіз тұлғалар оның атына сайттар арқылы 538 000 теңге көлемінде 3 онлайн шағын несие ресімдегенін хабарлады.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері ізін суытпай алаяқты анықтап, қолға түсірді. Анықталғандай, несиені жәбірленуші келіншектің 31 жасар бірге тұратын көңілдесі ресімдеген.  Қаскүнем ойнасының аңқаулығын пайдаланып, деректемелері бар құжаттар мен банк картасының нөмірін қолына түсіріп алған», деп хабарлады полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Айғақты зат алу мүмкін емес, өйткені қаскүнем алған ақшасын жұмсап жіберген. Аталған факті ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелген. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.


Көзі: Yunews.kz