Полицейлердің автокөліктері сыбайлас жемқорлыққа қарсы стикерлермен белгіленді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Полицейлердің автокөліктері сыбайлас жемқорлыққа қарсы стикерлермен белгіленді

444

Smiley face

«Пара бермеңіз!» республикалық акциясы аясында Ақтөбе облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық офисімен және полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп, профилактикалық акция өткізді.

Ұйымдастырушылар аталған акцияны полицейлерден бастауды шешті, өйткені патрульдік қызмет инспекторлары азаматтармен күнделікті қарым-қатынаста болады. Осылайша пара алу немесе заңсыз материалдық сыйақы алу түрінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері пайда болады.

Патрульдік автокөліктердің алдыңғы әйнектеріне «Азаматтарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы жадынамалар» деп аталатын арнайы стикерлер жапсырылған.

 Біздің мемлекетіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты бірінші кезекте сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қоғамда парасаттылық қағидаттарын қалыптастыруға бағытталған. «Жазалау шаралары – бұл түбегейлі жағдай. Бүгін, «Пара бермеңіз!" шарасы аясында сыбайлас жемқорлық тек пара алушыларды ғана емес,  пара берушілерді де қылмыстық және әкімшілік сияқты жазаланатыны туралы ескерткіміз келеді. Біздің азаматтарымызды ешкімге ешқашан пара бермеуге шақырамыз!» деп атап айтты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Ғалымбек Досанов.


Көзі: Yunews.kz