«Алматы-Қарағанды» рейсінен электрондық темекі шеккені үшін жолаушы қызды түсіріп тастаған - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

«Алматы-Қарағанды» рейсінен электрондық темекі шеккені үшін жолаушы қызды түсіріп тастаған

444

Smiley face

Жыл басынан бері еліміздің көлік полицейлері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін 43 277 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның ішінде темекі шегуге тыйым салуды бұзғаны үшін 2 981 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ағымдағы жылдың 11 қазанында Қарағанды қаласының әуежайындағы Желілік полиция бөлімшесіне «FlyArystan» өкілінен «Алматы-Қарағанды» бағытындағы әуе кемесінің бортында құқық бұзушы бар екені туралы хабарлама келіп түсті.

Тексеру барысында көлік полицейлері Алматы қаласының 26 жастағы тұрғынын анықтады, ол әуе кемесінің бортында болған кезде электрондық темекі шеккен. Әуе кемесі командирінің актісі бойынша ол рейстен алынды.

Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБК 441 б.1-2 бабы (әуе кемесінің бортында темекі өнімдерін және (немесе) электрондық темекіні тұтыну) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, тәртіп бұзған жолаушы қызға 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды.


Көзі: Yunews.kz