Нұр-Сұлтанда пластикалық бөтелке зауытында өрт шықты - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Нұр-Сұлтанда пластикалық бөтелке зауытында өрт шықты

444

Smiley face

Нұр-Сұлтанда пластикалық бөтелкелер зауыты өртенді. Өрт салдарынан зауыт жұмысшысы зардап шекті, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Сарыарқа ауданындағы «ПЭТ» ЖШС пластикалық бөтелкелерді дайындау жөніндегі зауытындағы өрт туралы хабарлама 12 қазан күні сағат 00.08-де келіп түсті. Пластикалық бұйымдар жанған.

«Қабылданған шаралармен өрт 01.06-да оқшауланып, 01.13-де жойылды. Өрт салдарынан термикалық күйік алған 1992 жылы туылған ер адам ауруханаға жатқызылды. Жағдайы ауыр. Өрттің себебі анықталуда», деді ТЖК ресми өкілі.

Ол өртті сөндіруге астаналық ТЖД жеке құрамының 57 адамы мен 13 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылғанын хабарлады.


Көзі: Yunews.kz