Жапония 60 жыл ішіндегі қуаты ең мықты тайфунға дайындалуда - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Жапония 60 жыл ішіндегі қуаты ең мықты тайфунға дайындалуда

444

Smiley face

Жапонияда ең жоғары дайындық деңгейі жарияланды. Сенбі күні кешке жақын «Хагибис»қуатты тайфуны Шығыс Жапониядан басталып, Токио маңындағы аудандарға жетті. Астаналық аймақта теміржол қатынасын тоқтату және авиарейстерді уақытша тоқтату туралы хабарлама жарияланды. Көшіруге шамамен 10 млн. адам дайындалуда, деп хабарлайды РИА Новости.

Жапон метеорологиялық агенттігі «Хагибис» тайфунын 1958 жылы болған «Ида» тайфунымен салыстырады, оның құрбандары 1200 адам болды.

Болжам бойынша, алапат жел жылдамдығы 216 км/сағ (60 м/с) құрайды. Токай ауданында 1000 мм-ге дейін, ал Канто – Кошин ауданында 600 мм тәулік бойы жауын-шашын түседі деп күтілуде.

Токиода және елдің басқа да ірі қалаларында жүрдек пойыздардың қозғалысы тоқтатылды. AllNipponAirways және JapanAirlines авиакомпаниялары сенбі күні өз рейстерінің көпшілігін тоқтатқаны туралы мәлімдеді.

Астананың маңында орналасқан Диснейленд және аквапарк жабық болады. Бұл 2011 жылдан бастап Жапонияның солтүстік-шығысында ойын-сауық парктерінің бірінші ұзақ жабылуы болады.

Токиода және оның төңірегіндегі көптеген универмагтар жұмыс істемейтіні туралы жариялады.  «Toyota Honda» және басқа да  өндіруші компаниялар жұмысын тоқтату туралы хабарлайды.


Көзі: Yunews.kz