Нұр-Сұлтан тұрғыны тәуліктік пәтер жалдап, кейін оны ұрлаумен айналысқан - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Нұр-Сұлтан тұрғыны тәуліктік пәтер жалдап, кейін оны ұрлаумен айналысқан

444

Smiley face

Полиция қызметкерлері азаматтардың көмегімен бірнеше ұрлық жасағаны үшін бұрын сотталған 35 жасар қала тұрғынын қолға түсірді, деп хабарлайды елордалық ІІД баспасөз қызметі.

Полицейлердің мәліметтері бойынша, ұсталған азамат әлеуметтік желілерде пәтерлерді тәулік бойы жалға алу хабарландыруларын тауып, қоныстанып, кілттердің дубликаттарын жасап, бірнеше күннен кейін осы пәтерден ұрлық жасаған. Бұл ретте, ол кіреберістерден велосипедтерді де ұрлап отырған.

«Тергеу барысында оның 3 пәтер ұрлығына және 9 велосипед ұрлығына қатысы бар екені анықталды. Ұсталған азамат полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның елорда аумағында бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде», - делінген хабарламада.


Көзі: Yunews.kz