Елбасы: Ресей мен Қытай – біздің Құдайы көршілеріміз - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Елбасы: Ресей мен Қытай – біздің Құдайы көршілеріміз

444

Smiley face

Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің сұхбатында мәлімдеді.

«Менің Қытай басшылығымен келісімім бар: біз бірлескен Қазақстан-Қытай кәсіпорындарын құрған кезде, Үкімет оған қанша маман келетінін белгілеп, келісімге  қол қояды. Құрылыс аяқталғаннан кейін барлығы еліне кетеді. Өз уақытында Ху Цзиньтао егер кетпесе, айтыңыз, біз барлығын қайтарып аламыз деген болатын. Сондықтан, кейбір қорқыныш қажет емес. Ал біз Қазақстанға қажетті ең озық кәсіпорындарды таңдаймыз. Ал бізге мұндай инвестицияны кім береді? Бүгінгі күнде тек Қытайда ғана бұл ақша бар. Барлығы оны қолданғысы келеді. Бізге жақсы қарым-қатынас, Қытай басшыларымен ең жақсы қарым-қатынас қажет. Бүгін Төраға Си Цзиньпин мұны толық растады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев сұхбат барысында.

Ол сондай-ақ «Жібек жолы» сияқты бастамалар туралы еске салды, өйткені бұл жоба Қазақстан үшін өте тиімді. «Қазір Тынық мұхиттан Қытай, Қазақстан, Каспий теңізі, Кавказ арқылы Еуропаға жүктер келеді. Біз жыл сайын осы транзиттен 5 млрд доллар табыс табатын боламыз. Түсінесіз бе? Ресей мен Қытай – Құдай қосқан көршілеріміз. Олардан қайда кетесің? Ал, біз көршілермен жақсы қарым-қатынас құруымыз керек», деп атап өтті Елбасы.


Көзі: Yunews.kz