ҚР ІІМ министрі Ақтау колониясында болды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

ҚР ІІМ министрі Ақтау колониясында болды

444

Smiley face

Бірінші кезекте Ерлан Тұрғымбаев сотталғандар ұсталатын 172/6 мемлекеттік мекемесіне барды. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін осы мекемеде екі тұтқын аштық жариялап, ауыздарын тігіп тастаған болатын. Осылайша, олар колония әкімшілігінің әрекеттеріне қарсы наразылық білдірді.

ІІМ министрі қамаудағылардың тұрмыстық жағдайларымен өте мұқият танысты. Ол санитарлық тораптарды, асханаларды, серуендеу аймағын, медициналық пункттерді, сондай-ақ қамаудағылар еңбек ететін шеберханаларды қарап шықты.  Сонымен қатар, Ерлан Тұрғымбаев қамаудағылармен жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді.

Бұдан кейін министр Полиция департаменті, ТЖД, ҚАЖД басшылығымен және жеке құраммен кеңес өткізіп, департаменттердің ағымдағы жылдың 9 айындағы есебін тыңдады.

Сапар барысында министр көші-қон қызметі орталығына, Ақтау қаласы полиция басқармасының фронт-офисіне, «Каспий» стационарлық полиция бекетіне барды.


Көзі: Yunews.kz