Назарбаев Зияткерлік мектептері ЮНЕСКО сыйлығына ие болды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Назарбаев Зияткерлік мектептері ЮНЕСКО сыйлығына ие болды

444

Smiley face

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Басқарма төрағасы Күләш Шамшидинованың атына құттықтау хатына Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының директоры Криста Пиккат қол қойған.

«Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан бойынша ЮНЕСКО-ның кластерлік бюросы атынан «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ-ын құттықтаймын және керемет жаңалық туралы үлкен қуанышпен хабарлағым келеді. Сіздің ұйымыңыз 2019 жылғы ЮНЕСКО wenhuiaward сыйлығын жеңіп алды», - делінген Криста Пиккат хатында.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының ЮНЕСКО-ның Білім саласындағы сыйлығына ие болған Қазақстанның алғашқы өкілі болды. WenhuiAward университет пен мектеп арасындағы әріптестікке бағытталған.

ЮНЕСКО сыйлығы балалар мен жастарды өмірге, жұмысқа және жаһандық азаматтыққа дайындауда өмір бойы сапалы білім мен оқытуға ықпал ететін университеттер мен мектептер арасындағы табысты серіктестік қарым-қатынасы үшін инновациялық қазақстандық мектептер желісіне берілді.

Ақтық кезеңнің номинанттары арасында Австралия, Қытай, Малайзия және Шри-Ланканың үздік университеттері болған.


Көзі: Yunews.kz