Атырауда көп балалы аналар Сапарбаевқа АӘК алуға мұқтаж еме екендерін мәлімдеді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Атырауда көп балалы аналар Сапарбаевқа АӘК алуға мұқтаж еме екендерін мәлімдеді

444

Smiley face

Атырауда «Көрпеfest» мегафестивалі өтті. Іс-шараның бастамашысы қазақтың ұлттық қолөнер бұйымдарын жасайтын танымал этнодизайнер, «Құрмет» орденінің иегері Ырза Тұрсынзада болды. Оқу курстарына өңірдің 150-ге жуық тұрғыны қатысты.

 Атырауда мұндай мегафестиваль алғаш рет өтті. Ұлттық өнерді насихаттау – фестивальдің басты мақсаты. Қазақ қолөнерінің бәсекеге қабілеттілігін әлемге көрсету макқсатында осындай шара өткізілді.

Smiley face

Атырау облысында көпбалалы, аз қамтылған, жұмыссыз әйелдерге арналған дәстүрлі қолөнер бойынша үш күндік тегін мастер-класс өтті. Байқау қорытындысы бойынша облыс әкімінің қолдауымен 25 үздік қатысушыға тігін машинасы табыс етілді.

«Бүгінде біз 7-8 баланың анасы халық қолөнерінің арқасында өз отбасыларының жеткіліктілігін өз еңбегімен қамтамасыз ететіндігіне куә болдық, олардың көбі атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж емес. Әйелдер қолөнер курстарынан өтіп, өз ісін ашып, уақыт өте келе отбасылық бизнеске айналдырған және бұл керемет. Біріншіден, олар ұлттық дәстүрлерді сақтап, оларды өз балаларына береді, екіншіден, олар өз күйеулеріне отбасын асырауға көмектеседі, бұл өте үлкен еңбек. Осы оқу курстарын ұйымдастыруға көмектесетін аймақ басшысы Нұрлан Ноғаевқа үлкен алғыс айтамын», - деп атап өтті фестивальге келген Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев.

Іс-шара аясында ұлттық өнерді қолдайтын кәсіпкер әйелдерді марапаттау рәсімі өтті. Ерекше көзге түскен қатысушылар естелік сыйлықтар алды.

«Мен жеті баланың анамын, өткен жылы Ырза Тұрсынзаде курсын бітіріп, құрақ көрпе тігуді бастадым. Бүгін менің бастамам отбасылық бизнеске айналды, өйткені біз келіндерімізбен бірге шағын цех аштық. Маған АӘК қажет емес, мен өзім табыс табамын және оны мақтан тұтамын,-деді Исатай ауданының тұрғыны Жанар Қадырова. 

Smiley face

Естеріңізге сала кетейік, «Көрпе Fest» мегафестивалінің тұсаукесері ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен Нұр-Сұлтанда өткен. Енді мұндай фестивальдерді бүкіл ел бойынша өткізуді жоспарлап отыр.

Smiley face


Көзі: Yunews.kz