Шығыс Қазақстан облысында республикалық акция аясында 6 мың ағаш отырғызылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Шығыс Қазақстан облысында республикалық акция аясында 6 мың ағаш отырғызылды

444

Smiley face

Шығыс Қазақстанда акцияға мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері, мәдениет өкілдері, блогерлер, спортшылар мен БАҚ өкілдері, студенттер, тұрғындар қатысты.

ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Мұрат Құсайыновтың айтуынша, аймақта 6 мыңға жуық көшет отырғызылған.

Smiley face

«Біз орман шаруашылығының 13 питомнигінен түрлі ағаш тұқымдарын әкелдік. Өскеменде Есенберлин даңғылында 1100 ағаш отырғызылды, оның ішінде қылқан жапырақты тұқым, қайың, емен бар. Жалпы, ағаш отырғызу акциясын осы жылдың көктемінде бастадық. Сол кезде 132,8 мың дана көшет отырғызылды. Жақында облыс мектептерінде экологиялық сағат өткізілді, онда оқушылар күшімен 4 мыңға жуық ағаш отырғызылды. Биылғы жылы отырғызылған көшеттердің санын 150 мыңға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз», - деді М. Құсайынов. Айта кету керек, ағаш отырғызудан басқа өңірде көшелерді абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша сенбіліктер өтті.

«Бұл ағаштар өсе бастағанда, біздің қала жасыл және әдемі болады. Біз экологиямызға, сол жердің келбетіне қамқорлық жасауымыз керек»,- дейді «Экосервис-С» ЖШС филиалының директоры Ерік Сандыбаев.

ШҚО ақпараттық орталығында республикалық экологиялық акция ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен өткізілгенін атап өтті. Негізгі мақсат – ел халқын аумақтарды абаттандыруға барынша тарту.

Smiley face


Көзі: Yunews.kz