Ақтауда алғаш рет баспанасы жоқ қайыршыларды ыстық аспен тамақтандырды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ақтауда алғаш рет баспанасы жоқ қайыршыларды ыстық аспен тамақтандырды

444

Smiley face

«Ақтау – баспанасы жоқ қайыршыларсыз». «Біз адамдармыз - Біз біргеміз» қоғамдық қорының директоры Иманғазы Досмұханбетовтың айтуынша ол басқаратын қоғам өзінің алдына осындай мақсат қойған болатын. Енді оның қоғамы белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды қалыпты өмірге қайтаруға ниетті. Осы мақсатпен ол волонтерлермен бірге көмекке зәру сондай адамдарды ыстық түскі аспен тамақтандырды. Қоғам өкілдері үйсіз адамдар үшін қайырымдылық түскі асын тұрақты ұйымдастыруды жоспарлауда.

Александр Новиков осындай адамдардың бірі. Ол бір жыл бойы көшеде құжатсыз өмір сүруде. Оның айтуынша, ол Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында дүниеге келген. Отбасы Балқаш қаласында тұрады. Ол көп жылдар бойы Ақтауда тұрған. Айтуы бойынша, алдау жолымен оның пәтерін иеленген алаяқтар өзін көшеге қуып жіберген.

«Менде бәрі, үй мен отбасы болды. Бір сәтте мен ешнәрсесіз қалдым. Бүгін мен осындай күйге түстім. Менің ыстық шай ішкен кезім есімде жоқ. Рахмет, сіздерге ұзақ өмір сүріңіздер», - деді ер адам көз жасын ұстай алмай.

Иманғазы Досмұханбетовтың айтуынша, қор осы қайырымдылық акциясына немқұрайлы қарамайтын тұрғындар қосылса қуана қолдайды. Тамақты таратуға барлық тілек білдірушілер көмектесе алады.

«Бізде бірнеше күн бойы үйсіз тұрғындарға ыстық тамақ пен шай тарататын мобильді топтар ұйымдастыру жоспарда бар. Бұл адамдарға қолдау қажет, олар біздің қоғамның бір бөлігі. Мен олардың көпшілігін қалыпты өмірге қайтаруға болатынына сенімдімін. Тек мәселені есту және көру керек. Өйткені, ертең кім және қандай жағдайда болатынын ешкім білмейді. Өкінішке орай, кез келген адам қиындықтарға тап болуы мүмкін. Ендеше жақсылық жасау керек. Бұл біздің ортақ қасіретіміз. Кез келген мәселені шешуге ниет болса жеткілікті», дейді Иманғазы Досмұхамбетов.


Көзі: Yunews.kz