Теміртау маңында жеңіл машина жүк көлігімен соқтығысып, салдарынан төрт адам қаза тапты - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Теміртау маңында жеңіл машина жүк көлігімен соқтығысып, салдарынан төрт адам қаза тапты

444

Smiley face

Қарағанды облысында жүк көлігімен соқтығысқан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен үш жолаушысы қайтыс болды.

«11 қазан күні Бұқар Жырау ауданында Теміртау қаласынан екі шақырым жерде «Volkswagen» автокөлігінің 66 жасар жүргізушісі С. Разин көшесі жағынан қозғала отырып, алдын ала мәліметтер бойынша, «Теміртау – Астана» автожолының қарсы бағытына шығып кетіп, 28 жасар ер адамның басқаруындағы «Scania» маркалы жүк автокөлігімен соқтығысқан .

Жол-көлік апаты салдарынан «Volkswagen» автокөлігінің жүргізушісі мен оның үш жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды, ҚР ҚК-345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде»,-деп нақтылады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Көзі: Yunews.kz