Қазақстандық Александр Винокуров «Ironman» турнирінде чемпион болды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстандық Александр Винокуров «Ironman» турнирінде чемпион болды

444

Smiley face

Олимпиада чемпионы Александр Винокуров 45-49 жас аралығындағы Атадағы (Гавайя, АҚШ) «Ironman» әлем чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды Ұлттық Олимпиада комитеті.

Спортшы бірінші кезеңді - 3,8 шақырымды - бір сағат тоғыз минут алты секундта өтті.

Велоэтапта қазақстандық 180 шақырым қашықтықты төрт сағат 21 минут және алты секундта жүріп өтті.

Жүгіру кезеңінде Винокуров өз категориясында бірінші болып келіп, оны үш сағат, 12 минут және 17 секундта аяқтады.

Жалпы, Винокуров барлық жарысқа 8 сағат, 48 минут және 24 секунд жұмсады. Бұл 45-49 жас аралығындағы үздік нәтиже. Алайда, барлық қатысушылардың арасында Винокуров 43-ші орынды иеленді.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы спортшы 9 сағат, 13 минут және 38 секундта алтыншы орынға табан тіреген болатын.


Көзі: Yunews.kz