Алматыда «Медеуде» Қазақстанның ең үлкен Туы көтерілді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алматыда «Медеуде» Қазақстанның ең үлкен Туы көтерілді

444

Smiley face

«Медеу» мұз айдынының маңында Алматыда Қазақстанның ең үлкен Мемлекеттік Туы орнатылды. Ту көтерудің салтанатты рәсіміне атақты спортшылар мен қаланың жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

«Алматыда мемлекеттік ту көтеру ерекше символдық маңызға ие шара болды. Алматы - Қазақстанның мақтанышы. Дәл осы жерде Елбасы, еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев біздің тәуелсіздігімізді жариялап, Мемлекеттік рәміздер, Конституция, ұлттық валюта қабылданды. Қазақстанның туы «Медеуде» орнатылғаны кездейсоқ емес. Өйткені, мұнда атақты отандық және шетелдік спортшылардың жүздеген әлемдік рекордтар орнатқан. Мұнда Азиада мен Универсиада өтті. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, «Қазақстан туы жоғары көтерілген сәтте біздің жүрегіміз еліміз үшін, Тәуелсіздігіміздің барлық жетістіктері үшін мақтаныш сезімімен толығады». Қазақстанның Ұлттық Баскетбол федерациясына осындай сыйлық жсағаны үшін үлкен рахмет», - деп атап өтті «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.

Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров өз сөзінде спорттың арқасында әлемнің көптеген елдерінде болғанын, бірақ оның басты махаббаты әрқашан Қазақстан жері екенін атап өтті. «Осы жерге қамқорлық жасау, өсіп келе жатқан ұрпаққа өркендеу жолында жұмыс істеу керек. Дәл осы жастар халықаралық тұғырда Қазақстанның туын көтеріп, еліміздің Әнұраны естілетін спортшыларымыздың даңқты дәстүрін жалғастырады. Енді «Медеуге» келген сайын, көк тудың көкте желбірегенін көріп, әрбір қазақстандық өз Отаны үшін мақтаныш сезімін сезінеді», - деп өз әсерімен бөлісті атақты спортшы.

«Медеу» мұз айдыны аумағында ҚР Мемлекеттік Туы Ұлттық баскетбол федерациясының бастамасымен «Nur Otan» партиясының және Алматы әкімдігінің қолдауымен орнатылған. Тудың биіктігі - 40 метр, тудың көлемі - 7 14 метр.


Көзі: Yunews.kz