Шығыс Қазақстан облысында жолаушылар автобустарының 65% -ы техникалық ресурсын бітірген - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Шығыс Қазақстан облысында жолаушылар автобустарының 65% -ы техникалық ресурсын бітірген

444

Smiley face

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментінің бастамасымен Өскемен қаласында мемлекеттік көлік және жол ведомстволарының өкілдерімен жолаушылар көлігінде жол қозғалысы қауіпсіздігінің жай-күйі мәселесі бойынша полицейлердің кездесуі өтті. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ШҚО облыстық филиалы Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесу барысында Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Жанболат Қалетаев жолаушылар көлігі жүргізушілерінің жол-көлік оқиғалары ерекше алаңдаушылық тудыратынын атап айтты. Биылғы жылы 51 жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 3 адам қаза тапты, 70 адам зардап шекті.

Жұмыс барысында апат жағдайына жүргізушілердің тәртібінің төмендігі ғана емес, автобустардың техникалық жағдайының қанағаттанарлықсыз болуы, олардың тозуы, сондай-ақ жолдардың жай-күйі, қажетті жол инфрақұрылымының болмауы да әсер ететіндігі атап өтілді. Полиция қызметкерлері техникалық ақаулармен байланысты 425-тен астам жол-көлік ередесін бұзушылықты анықтады. 135 лауазымды тұлға мен автобус паркінің иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Облыс тасымалдаушыларының қарамағындағы автобустардың 65% -ы іс жүзінде техникалық ресурсты бітірген. Солай болса да, 8 жылдан астам уақыт пайдаланылуда және есептен шығаруға жатады. Көлік құралдарының (автобустардың) ресурсы 8 жылды немесе 500 мың км жүрісті құрайды. Бұл норма дайындаушы зауытпен регламенттеледі және көлік құралдарының нормативтік - техникалық құжаттамасында көрсетілген.

Бұл бағытта оң өзгерістер Семей қаласында байқалады,онда жолаушылар мен багажды тасымалдау ережелерінің талаптарына сай келмейтін 84 автобус жолдан алынып тасталды. Автопарк айтарлықтай жаңартылды, МЖӘ арқылы отандық өндірістің 179 жаңа автобусы қабылданды.

Қозғалыс қауіпсіздігі және жол қозғалысы жағдайларын жақсарту барлық ведомствоаралық ұйымдардың кең кешені мен бірлескен күш-жігеріне байланысты. Жолдардағы қауіпсіздік нормаларының кез келген бұзылуы көбінесе ауыр қайғылы салдарға әкеп соғады. «Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында қатысушылар жалпы жол қозғалысы қауіпсіздігінің деңгейін арттыруға бағытталған ұсыныстар мен идеяларын ортаға салды.


Көзі: Yunews.kz