Солтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы кәсіпорнының қызметкері алқаптан 20 тоннадан астам астық ұрламақ болған - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Солтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы кәсіпорнының қызметкері алқаптан 20 тоннадан астам астық ұрламақ болған

444

Smiley face

Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданындағы ауыл шаруашылығы кәсіпорнының қызметкері 21 тонна астық ұрламақ болған, деп хабарлайды СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.  

«Қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің қырағылығының, сондай-ақ күзетте қолданылатын жаңа технологиялардың арқасында механизатор астықты сыртқа  шығара алмады. Оқиға орнына Тайынша полиция бөлімінің қызметкерлері шақыртылды. Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Іс материалдарынан анықталғандай, ер адам комбайннан арнайы жалданған «КамАЗ» жүк көлігіне астық тиеген. Үлкен жүк көлігінің жүргізушісі өз клиентінің қылмыстық ниеті туралы білмегенін мәлімдеді», делінген хабарламада.

Тайынша ауданының басқа ауылында ауыл шаруашылығы өнімдерін ұрлауды «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында аулаларды аралау кезінде учаскелік полиция инспекторы ашты.

Полиция капитаны Рустам Қабысов Зеленый Гай ауылының тұрғынынан 14 бума түкті шөп тауып алған. Барлық ұрланған заттар иесіне қайтарылды.

«20 тамыздан бастап облыста «Астық» жедел-алдын алу шарасы өтуде. Астық жинау науқаны кезінде тіркелген 39 ұрлықтың үшеуі ашылмаған. Негізінен ұрлық деректері астық өнімдерін, жанар-жағармай материалдарын, техника мен қосалқы бөлшектерді ұрлаумен байланысты болуда», деді СҚО полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Руслан Назаров.


Көзі: Yunews.kz