Көк жүзінде жарты ғасыр - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Көк жүзінде жарты ғасыр

444

Smiley faceФото: Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының баспасөз қызметі

Комсомолдар – ұшаққа!

Дәл осы ұранмен 1969 жылдың қыркүйегінде Ақтөбеде жас ұшқыштар мектебі құрылды, ол әлі күнге дейін көк жүзінде қалықтауды арман еткен жастарды өз қатарына қабылдайды. Барлығы арманнан басталды. Ақтөбелік зауыттардың бірінде жабдықтарды жөндеуші слесарь, жиырма үш жастағы белсенді комсомол Александр Курбанов «Комсомолдар – ұшаққа!» қозғалысы туралы естіп-білді, бұл қозғалыстың аясында бүкіл Кеңес Одағы бойынша ғарышкерлер мектептері құрыла бастады. Ұлы Отан соғысының ардагерлерінен құралған пікірлестер командасын жинап, Александр Курбанов өз мектебін құрды, және оған өмірінің жартысын арнады.

 

Smiley face

Ең бастысы – мақсатқа жету

Алғашқы қадамдармен бірге алғашқы күмән да туындады. Александр Курбановты мазалаған басты сұрақ «бұл қолымнан келе ме?». Күмәнданушылар да аз емес еді. Сенің арнайы білімің жоқ, - деді олар. Қолынан келмейді, - деп басын шайқады басқалар. Бірақ, «көз қорқақ, қол батыр» деп бекер айтылмаған. Соғыстың от-жалынын кешкен мектеп оқытушылары - Гордей Федорович Соболев, Дмитрий Иванович Иванов, Иван Александрович Евдокимов, Николай Григорьевич Соколов – әскери-патриоттық тәрбиелеу жолымен балаларды көшеден мектепке тартуды   өз алдыларына бастапқы міндет ретінде қойды. Совет жауынгерлерінің ерліктері туралы әңгімелер айту арқылы олар жас балалардың жүрегінде Отанға, әскери қызметке, аспанға, авиацияға деген сүйіспеншілік сезімін тудырды.

Кейінірек, алты жылдан кейін Ақтөбеде Азаматтық авиация жоғары ұшқыштар училищесі (АААЖҰУ) өз есігін айқара ашқан кезде мектептің сабақтары кәсіби бағытқа ие болды. Александр Курбанов училищенің басшылығын өз құлшынысымен тәнті етті, сол уақыттан бастап жас ұшқыштар мектебінің курсанттары АААЖҰУ базасында айналыса бастады, ал олардың сабақтарын ЖОО оқытушылары жүргізді.

 

Smiley face
Smiley face

Батырдың атымен

1971 жылы жас ұшқыштар мектебіне Кеңес Одағының Батыры, атақты ақтөбелік, жер атмосферасынан тыс жерде жұмыс істеген тұңғыш астроном Виктор Иванович Пацаевтың есімі берілді.

Виктор Пацаев Кеңес Одағының Батыры атағын қайтыс болғаннан кейін алды, бірақ оның ерлігі Айдағы кратердің атауында, Ақтөбе, Калининград, Калуга, Владивосток және басқа да көптеген қалалардағы көшелер  атауларында мәңгі есте қалды, оның есімімен «Космонавт Виктор Пацаев» ғылыми-зерттеу кемесі және Ақтөбе жас ұшқыштар мектебі аталды.

Тура он жылдан кейін, адам ғарышқа алғаш ұшқан соң, 1971 жылы Виктор Пацаев «Союз-11» ғарыш кемесінің және «Салют – 1» орбиталық ғарыш станциясының инженер-зерттеушісі ретінде ұшты. Ұшу 23 тәулік 18 сағат 21 минут 43 секундқа жалғасты. Түсіру кезінде "Союз-11" түсірілетін аппаратының герметизациясы болып, құрамында Георгий Добровольский, Владислав Волков және Виктор Пацаев бар экипаж қаза тапты.

Содан бері жас ұшқыштар мектебінің жетекшісі Александр Курбановты тәрбиеленушілер арасынан ғарышкер дайындау туралы арман жетеледі. Және, ол дегеніне жетті! Оның арманын 22 орта мектептің қарапайым оқушысы Юрий Лончаков жүзеге асырды. Бүгінгі күнде ол ұшқыш-ғарышкер, полковник, Ресей Батыры, ғарышқа үш рет ұшқан. Оның жалпы ұшуы 200 тәулік 18 сағат 36 минут құрайды, оның ішінде ашық ғарышта он сағаттан астам уақыт  өткізген.

 

Smiley face
Smiley face

Ұстаздың мақтанышы – оқушысы

Жас ұшқыштар мектебі өз жетістіктерін мақтан тұтады. Оның қабырғаларында осы жерде оқытудан өткен 1300 баланың әрқайсысы туралы естелік сақталған.

Олардың барлығы өз өмірін авиациямен байланыстырмады, оқушылардың көпшілігі дәрігерлер, мұғалімдер, бизнесмендер болды, бірақ олардың әрқайсысы Александр Курбановтың аманатын есте ұстап, өмірде өз орнын тауып, жақсы адам болды.

Мектептің 28 тәрбиеленушісі – ерліктері үшін әскери марапаттары бар ауған-жауынгерлер. Мектеп түлектері арасында Ресей батырлары, ұшқыш-сынаушы, полковник Вячеслав Крицкий, ұшқыш-ғарышкер, полковник Юрий Лончаков бар. Ақтөбенің жас ұшқыштар мектебінде Қазақстан Республикасы Әскери-әуе күштерінің полковниктері Мұрат Жалмұханов, Арыстан Исмамбетов, Рүстем Тілеумағамбетов, подполковник Жанболат Елбаев, майорлар Мақсат Алтынбаев, Талғат Тұрғамбаев әскери дайындықтан өтті. Олар Курбановтың ең басты мақтанышы.

 

Smiley face
 

Дәстүрге адалдық

2016 жылдың қазан айында жас ұшқыштар мектебінің жетекшісі Александр Курбанов өз өкілеттігін доғарды. Директор ретінде запастағы полковник Болат Қайпанов тағайындалды, ол 16 жылдан астам Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтында қызмет еткен. Полковник Қайпановтың зертхана бастығынан әскери ұшу институтының кафедра бастығына дейінгі барлық лауазымдарынан өткен педагогикалық өтілі мен тәжірибесі мектепті тиісті деңгейде ұстап қана қоймай, оқу бағдарламасына жаңа, инновациялық әдістерді енгізуге де көмектеседі.

Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтында жас ұшқыштар мектебінің тәрбиеленушілері авиация тарихын, оның тактикасын, авиатехникасын, аэродинамикасын, әуе навигациясын, авиациялық метеорологияны, радиотелеграфтық азбуканы, авиациялық психологияны, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жарғыларын зерделейді, физикалық, саптық және атыс дайындығымен айналысады. Барлық сабақтар әскери-патриоттық тәрбиеге, Отанға деген сүйіспеншілікке, оның конституциялық тұтастығы және өз елін қорғауға дайын болуына негізделген.

          Бүгін Әуе қорғанысы күштері Әскери институтында жас ұшқыштар мектебінің он түлегі түрлі курстарда білім алуда. Олар өз өмірін көк жүзінсіз  елестете алмайды, және жас мамандардың қанат қалыптастыруына жарты ғасырлық өмірін арнаған Тәлімгерлеріне шексіз алғыс айтады.

 

Smiley face
Smiley face
Smiley face


Көзі: yunews.kz