Елорданың 507 мүмкіндігі шектеулі тұрғыны жұмысқа орналасты - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Елорданың 507 мүмкіндігі шектеулі тұрғыны жұмысқа орналасты

444

Smiley face

Елордада ағымдағы жылдың 9 айында мүмкіндігі шектеулі 539 адам жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Мәселен, 2019 жылдың 9 айында 507 мүмкіндігі шектеулі тұрғыны жұмысқа орналасты,  207 адам - тұрақты жұмыс орындарына, 3 адам – уақытша, 29 адам - әлеуметтік жұмыс орындарына, 242 адам – ақылы қоғамдық жұмыстарға, 16 адам – жастар тәжірибесіне бағытталды. Сонымен қатар 32 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтуге жіберілді.  Елорданың мүмкіндігі шектеулі екі тұрғыны өз бизнес идеясын жүзеге асыруға 100 АЕК көлемінде  (252 500 теңге)  грантқа ие болды.

Мүгедектерді жұмысқа орналастырудың негізгі формасы жұмыс орындарын  квоталау болып табылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Заңға сәйкес, квота кәсіпорын жұмысшыларының жалпы санының 2-ден 4 пайызына дейін белгіленеді.   Квоталаудан бөлек,  мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру мақсатында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылып тұрады. Мәселен ағымдағы жылдың 9 айында 20 бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандар мен түзету мекемесінен босап шыққан және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтар үшін де өткізілді.


Көзі: yunews.kz