Алимент төлемесең – жауап бересің! - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алимент төлемесең – жауап бересің!

444

Smiley face

Көкшетауда алимент бойынша борышкер үш тәулікке қамауға алынды. Мұндай жазаны азамат алимент өндіру туралы сот шешімін орындамағаны үшін әкімшілік сот қаулысына сәйкес алды. Қарыз сомасы 600 мың теңгеден асты. Іс қозғау үшін қолында үш баласы бар Көкшетау тұрғынының прокуратураға жүгінуі негіз болды.

Ал Атырау облысында Құрманғазы ауданы прокуратурасының әрекет ету нәтижесінде алимент төлеу міндеттерін орындамағаны үшін 2 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Мысалы, борышы 1,9 млн теңгені құрайтын борышкер А.Рыспаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды және Құрманғазы аудандық сотының үкімімен ол 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

Осыған ұқсас, борышкер Н.Ажбенов қадағалау акті бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды.  Алайда, 400 мың теңге көлемінде қарызды өтеуіне және тараптардың татуласуына байланысты іс тоқтатылды.


Көзі: yunews.kz