Әскери қаруды сатумен айналысқан қылмыстық топқа үкім шығарылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Әскери қаруды сатумен айналысқан қылмыстық топқа үкім шығарылды

444

Smiley faceҰлттық ұланның фотосы

Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әскери  қаруды сатумен айналысқан қылмыстық топтың қатысушыларына үкім шығарды. Қылмыстық бизнесті ұйымдастырушылар қылмыс жасады деп танылды, деп хабарлайды Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 15 ақпанда Нұр-Сұлтан қ. бойынша ҰҚКД-ның қызметкерлері қылмыстық топты ұйымдастырушылардан 605 мың теңгеге "ТТ" (Тульский Токарев) тапаншасын және  10 патрон сатып алуды жүзеге асырды. 18 ақпанда 675 мың теңгеге "ПБ" тапаншасы (дыбыссыз тапанша) және 50 патрон сатып алынды, қаражат  "Kaspi gold" банк картасына жіберілді. 2019 жылы 12 наурызда Алматыда Нұр-Сұлтан қ. бойынша ҰҚКД қызметкерлері Алматы қ. бойынша ҰҚКД қызметкерлерімен және ҚР Ұлттық ұланының арнайы мақсаттағы бөлімшесімен бірлесіп аталған тұлғаларды құрықтады.

Smiley face

Фото Нацгвардии Instagram
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Национальная гвардия РК (@national_guard_kaz)


Көзі: yunews.kz