«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директорына пара алды деп айып тағылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директорына пара алды деп айып тағылды

444

Smiley face

Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директорына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Ол ЖШС директорынан республикалық маңызы бар Р-26 «Омск-Майқапшағай-Қалжыр-Теректі» автомобиль жолының учаскесін орташа жөндеу жүргізуді сатып алу туралы шарт бойынша орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны үшін 2 млн. теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.

 


Көзі: yunews.kz