Мен бұл жағдайда дақпырт жасамауды өтінемін – қорғаныс министрі Арыстағы ахуал жайлы - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Мен бұл жағдайда дақпырт жасамауды өтінемін – қорғаныс министрі Арыстағы ахуал жайлы

444

Smiley face

Арыстағы қазіргі жағдай туралы ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев баяндады, оның айтуынша, жұмысқа 700-ден астам адам тартылған, бірақ тұрғындар үшін тікелей қауіп жоқ.

«Жоғарғы Бас Қолбасшының бізге берген тапсырмасы бар. Оқ-дәрілерді тезірек алып шығу мақсатындағы мемлекеттік қажеттілік, Арыс қаласы тұрғындарының талаптары баршылық. Біз бұл бағытта жұмыс жүргізіп жатырмыз.  Жағдайды ретке келтіру үшін 700 әскери қызметші жұмылдырылды. Біз ол жаққа мерзімді әскери қызметшілерді тартпаймыз. Онда біліктілігі жоғары, дайындалған саперлер, инженерлер мен әскери полицейлер ғана барады. Барлығы да - келісімшарт бойынша қызметтегілер», - деді Нұрлан Ермекбаев.

Қалған оқ-дәрілердің көлемін атаудан министр бас тартты, себебі оған құқығы жоқ. Оның айтуынша, Арыс тұрғындары үшін тікелей қауіп жоқ.

«Олар барлық жерде жұмыс істейді. Дәл қазіргі уақытта қала тұрғындарына тікелей қауіп жоқ. Қала толығымен тазартылған. Негізгі жұмыс жарылыс болған әскери бөлім аумағында жүргізілуде», - деді Н.Ермекбаев.

Әскери қызметшілердің жұмысы қауіп-қатерге толы, деп атап өтті министр.

«Арыс қаласының тыныштығын сақтап, тапсырманы орындау үшін әскери қызметшілер саналы түрде тәуекелге барып жүр. Әскери қызметшілерден басқа ешкім бұл жұмысты атқара алмайды. Бұл үшін, тағы да айта кетейін, дайындығы мығым әскери мамандар тартылған», - деп хабарлады министр.

Нұрлан Ермекбаев Арыс қаласындағы жағдайдан дақпырт жасамауды өтінді.

"Қазір мен тек өзімнің атымнан ғана емес, әскери қызметшілердің атынан да  үлкен өтініш білдіргім келеді  – бұл жағдайдан дақпырт жасап, популизммен айналыспайық, теріс жағымсыз сөздер жазудың орнына оларды қолдайық. Олар қиын, нағыз әскери ахуалда өмірлеріне қауіп төндіретін жағдайда жұмыс істеп жатыр", - деді Қорғаныс министрі.


Көзі: yunews.kz