Павлодар облысында барымташылар ірі қара малды 120 шақырымға айдап әкеткен - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Павлодар облысында барымташылар ірі қара малды 120 шақырымға айдап әкеткен

444

Smiley face

9 қазанда полицияға Ақтоғай ауданының шаруа қожалығының басшысы 7 қазан күні сағат 02.40 шамасында Шолақсор ауылына жақын жерде еркін жайылымнан белгісіз тұлғалар 25 сиырды айдап әкеткендігі туралы арызданған. Шығын шамамен 6 млн теңгені құрады, деп хабарлайды Павлодар қ. ПД баспасөз қызметі.

Полицейлер дереу оқиға орнына барды.

Smiley face

Полиция қызметкерлері оқиға болған жерді қарап, даладағы әрбір ізді зерделеп, малдың қай бағытта айдап әкетілгенін анықтады, және іздеуге кірісті.

Оқиға орнын қарау оң нәтиже берді, бір тәулік ішінде жедел қызметкерлер мал ұрлаушылардың  ізіне түсті.

Барымташтар ұрланған малмен бірге Ақмола облысының аумағында, Ерейментау ауданы Жаңажол ауылының маңында орналасқан дала аймағында ұсталды. 22 сиыр иесіне қайтарылды. Ал қалған 3 сиырдың бірі жолда өліп қалған, екіншісі қашып кеткен, ал үшінші малды ұрлықшылар сойып, етін Нұр-Сұлтан қаласындағы базарда сатып үлгерген.

Анықталғандай, 25 жасар күдікті Жаңажол ауылында ауыл тұрғындарының жылқыларын бағады. Көрші ауылдың тұрғындары онымен бірігіп, пайда табу үшін даланы аралап жүргенде өз беттерімен жайылып жүрген малды байқайды. Бақташы болмағандықтан барымташылар  ұрланған малдарды Ақмола облысына кедергісіз айдап әкете алды. Ұрланған табынды екі тәулік бойы айдаған.

Smiley face

Мал ұрлығына қатысты қалған екі күдікті де құрықталды. Ақмола облысының тұрғындарын да жедел уәкілдер қолға түсірді, олардың бірі Павлодарда ұсталды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі (Аса ірі мөлшерде ұрлық жасау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Көзі: yunews.kz