Тарбағатай ауданының қызметкерлері «қашқын баланы» табуға көмектесті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Тарбағатай ауданының қызметкерлері «қашқын баланы» табуға көмектесті

444

Smiley face

Бүгін таңертең Тарбағатай ауданының өрт сөндіру бөліміне Ақсуат ауылының тұрғыны, 2009 жылы туған баланың 13 қазан күні үйінен шығып кетіп, осы уақытқа дейін табылмағаны туралы ақпарат келіп түсті. Іздестіру жұмысына дереу атқарушы органдардан 1 техника 4 адам, полиция бөлімінен 20 адам 5 шұғыл автокөлік, ТЖБ және ӨСБ-ден 2 техника және жеке құрамнан 6 жұмылдырылды. Шамамен бір жарым сағаттан соң «қашқын» баланы Тарбағатай ауданының ТЖБ бастығы Д.Сағатбеков Ақсуат ауылынан мөлшері 7-8 шақырым Екпін-Көкжыра ауылдарының орта тұсынан тауып алды.

«Алдымен мән-жайдың анық-қанығына жету үшін баланың ата-анасымен сөйлестік. Осы оқиғаға дейін бала бір рет қашып кетуге әрекет жасаған екен. Ақсуат ауылына көшіп келмес бұрын олар Көкжыра ауылында тұрған екен. Естіген фактілерді ескере отырып, Көкжыра ауылына қарай іздеуді бастауды жөн көрдік. Жолда келе жатып, ши түбімен келе жатқан баланы алыстан байқап қалдым. Сөйтсек біз іздеген бала болып шықты» - дейді Дәурен Сағатбеков.

Баланың жағдайы жақсы, медициналық көмек қажет емес. Табылған бала аудандық полиция бөліміне жеткізілді.


Көзі: yunews.kz