ШҚО-да қазақстандық футболшының отбасы жол-көлік апатынан зардап шекті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

ШҚО-да қазақстандық футболшының отбасы жол-көлік апатынан зардап шекті

444

Smiley face

Өткен демалыс күндері Семей-Өскемен тас жолында жол-көлік оқиғасы болды. Анықталғаны, «Mitsubishi Pajero» автокөлігінің 35 жасар жүргізушісі Семей қаласына бара жатып Жаңа жол ауылына жақын жерде рөлді басқара алмай, автокөліктің аударылуына жол берген.

"ЖКО салдарынан екі жолаушы, оның ішінде кәмелеттік жасқа толмаған бала оқиға орнында қаза тапты. Жүргізуші мен үш жолаушы түрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілді", - деп түсіндірді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу шеңберінде ЖКО мән-жайлары мен себептері анықталуда.

Семей қаласының жедел медициналық жәрдем стансасында қазақстандық футболшы Илья Байтеряковтың отбасы ЖКО-дан зардап шеккенін хабарлады. 

Қайғылы жағдай туралы белгілі журналист Айдын Қожахмет Telegram-да  хабарлады.

"35 жасар экс-футболшының кіші ұлы мен әкесі бірден көз жұмды. Илья мен оның үлкен ұлы ауыр жағдайда  жатыр. Илья комада. Анасы мен жұбайы да зардап шекті, бірақ олардың жағдайы қалыпты деп саналады. Дегенмен, трагедияның ауқымын ескере отырып бұл сөзді қолдану қиын", - деп жазды Қожахмет.


Көзі: yunews.kz