Мемлекеттік ЖОО оқытушылары үшін жалақы жаңа жылдан бастап 30-50%-ға артады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Мемлекеттік ЖОО оқытушылары үшін жалақы жаңа жылдан бастап 30-50%-ға артады

444

Smiley face

Білім министрлігінің басшысы Facebook-тегі парақшасында білім беру сапасын күшейту және педагогтарды қолдау жөніндегі нақты шаралар туралы айтып берді.

 «Мемлекет басшысы білім беру сапасын арттыру және педагогтерді қолдау жөнінде тапсырма берді.
Осы тапсырма аясында министрлік мемлекеттік ЖОО ректорларына ЖОО оқытушыларының еңбекақыларын 2020 жылдың 10 қаңтарына дейін 30-дан 50% - ға дейін арттыру міндетін жүктеді.
Бұл шешімнің нақты негіздері бар.
Біз жоғары оқу орындарының бюджеттеріне талдау жүргіздік. Ол еңбекақы төлеу қорын ұлғайту үшін резервтердің бар екендігін көрсетті. Бүгінде бірқатар жоғары оқу орындарының оқытушылары 60-70 мың теңге көлемінде жалақы алатын жағдай қалыптасқан. Мұндай саясатпен сапаны талап ету мүмкін емес. ЕҰУ, Каспий университеті мен Тараз педагогикалық университеті сияқты жоғары оқу орындары жалақыны қазірдің өзінде көтеруді бастады.
Қалған мемлекеттік ЖОО менің тапсырмамды міндетті түрде орындаулары тиіс.
Сонымен қатар, ректорлардың алдына біздің ЖОО-да жұмыс істейтін академиктерді арнайы қосымша ақылар белгілеу арқылы қолдау міндеті қойылды. Жоғары оқу орындарында академиктер көп емес, сондықтан біз өзіміздің ғылыми элитамызды қолдауға міндеттіміз.
Бұл шаралар мемлекеттік бюджеттен қосымша қаражат пен өзге де күш-жігерді қажет етпейтінін ерекше атап өткім келеді. Барлығы қолда бар мүмкіндіктердің шеңберінде.
Жас ғалымдарды қолдау тетіктері де болашақта қарастырылатын болады».


Көзі: yunews.kz