Қазақстандағы Заңгерлер артық кәсіптер тізімінің көшін бастап тұр - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстандағы Заңгерлер артық кәсіптер тізімінің көшін бастап тұр

444

Smiley face

2019 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша электрондық еңбек биржасында түйіндемелер мен бос жұмыс орындары санының арақатынасына сәйкес Қазақстандағы білікті қызметкерлердің артықкәсіптер тізімінің көшін заңгерлер бастап тұр .

Еңбек ресурстарын дамыту орталығының сарапшылары атап өткендей, биылғы жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша еңбек нарығында 2,4 мыңнан астам заңгерлердің түйіндемесі сұранысқа ие болмай қалған. Үшінші тоқсанда электрондық еңбек биржасында заңгер кәсібі бойынша 644 бос жұмыс орны орналастырылғанын айта кеткен жөн. Бұл ретте 3077 адам осы саладағы жұмысты іздеген.

Артық кәсіптердің үздік бестігінің қатарына бағдарламашы-техниктер (1 мыңнан астам түйіндеме), технолог-техникер (843), экономистер (837) және қаржыгерлер (736) енді.

Ең аз сұранысқа ие мамандықтардың үздік ондығына: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері (707), фельдшерлер (687), дене шынықтыру және спорт пәнінінің мұғалімдері (582), аспаздар (474) және шаштараздар (413) енді.

Сонымен қатар, жұмыс берушілер тарапынан 2019 жылғы үшінші тоқсанда мынадай мамандықтары бар жұмыс ізденушілердің түйіндемесі аз сұранысқа ие болды: эколог, биология мұғалімі, тігінші, психолог, бастауыш сынып мұғалімі, заңгер-кеңесші, мектепке дейінгі тәрбие жүйесіндегі педагог, бухгалтер, техник-механик, техник-фермер, бухгалтерлік қызметші, биолог.

 


Көзі: yunews.kz