Шетпе ауылында шабандоздардың жаппай төбелесі орын алды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Шетпе ауылында шабандоздардың жаппай төбелесі орын алды

444

Smiley face

Оқиға 12 қазан күні Шетпе (Маңғыстау облысы) ауылының маңындағы ипподромда болды. Бұл жерде әзірге белгісіз себептермен жас жігіттер арасында жаппай төбелес орын алған.Жанжал кезінде екі адам пышақ жарақатын алды.

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, аудандық ауруханаға Шетпе ауылының 20 жастағы тұрғыны жеткізілген.

«Бір зардап шеккен жігіт кеудесіне пышақ жарақатын алған. Дәрігерлер күрделі ота жасауға тура келді. Екінші жас жігіт бөкседен пышақ жарақатын алған. Дәрігерлер оған хирургиялық өңдеу жүргізді»,-деді облыстық басқарманың баспасөз қызметі.

Пышақ салған азамат ұсталды. Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалған.

«Бұл қылмыс Маңғыстау аудандық полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК 106-бабының 2-бөлімі бойынша (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) тіркелген. Күдікті анықталып, қамауға алынды», делінген ведомство хабарламасында.

Алайда, жанжалдың туындауына не себеп болғаны әзірше белгісіз болып отыр. Ол тергеу барысында анықталатын болады.


Көзі: Yunews.kz