Назарбаев Бакуде Жээнбековпен кездесті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Назарбаев Бакуде Жээнбековпен кездесті

444

Smiley face

14 қазан күні Бакуде Елбасы Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесті,деп хабарлайды Ұлт Көшбасшысының ресми сайты.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев түркі интеграциясын одан әрі тереңдетудің ерекше маңыздылығын атап өтті.

Smiley face

«Қазақстан Түркі әлемінің барлық елдерімен ынтымақтастықта. Мен Кеңестің көптеген институттарын құруға бастамашылық жасадым. Ең маңыздысы – біздің елдеріміз арасындағы бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету», деді Елбасы.

Өз кезегінде, Сооронбай Жээнбеков Қазақстанның Тұңғыш Президентінің түркі әлемі елдерінің ынтымақтастығын нығайтуға қосқан үлесін атап өтіп, Елбасын ТМЫК құрметті төрағасы мәртебесі берілуімен құттықтады.


Көзі: Yunews.kz