Астана әуежайының коды өзгереді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Астана әуежайының коды өзгереді

444

Smiley face

ИАТА Нұр-Сұлтан қаласы әуежайының кодын өзгерту бойынша ААК түзетулерін мақұлдады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті хабарлады.

«Бүгін Варшавада «IATA Global Airportand Passenger Simposium» конференциясында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев бастаған қазақстандық делегацияның қатысуымен «Эйр Астана» және «Скат» авиакомпаниялары өкілдерінің құрамында Қазақстанның 763 IATA қарарына ұсынған өзгерістер пакеті мақұлданды», делінген ААК хабарламасында.

Түзетулер негізінде Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық әуежайының коды IATA-да белгіленген рәсімдер мен стандарттарға өзгертілетін болады. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан халықаралық әуежайына TSE коды бекітілген.


Көзі: Yunews.kz