Қытайға декларацияланбаған юань, доллар мен теңге әкету кезінде ұсталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қытайға декларацияланбаған юань, доллар мен теңге әкету кезінде ұсталды

444

Smiley face

«Қорғас» бекетінің кеденшілері ҰҚК ШҚ 2088 әскери бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, декларацияланбаған қолма-қол ақшаның ірі сомасымен Қазақстанның екі азаматын ұстады, деп хабарлайды Қытаймен шекарадағы кеден бекетінің баспасөз қызметі.

Тәртіп бұзушылар 3,8 миллион теңге, 3000 АҚШ доллары, 90 мың қытай юаны, сондай-ақ 570 қырғыз сомын қол жүгімен алып өтпекші болған. ҚР Ұлттық Банкінің ресми курсы бойынша ұсталған ақша қаражатының жалпы сомасы 9,97 миллион теңгені құрады.

«Қазіргі таңда барлық кінәлі тұлғалар ҚР ӘҚБтК -нің 551-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды», делінген хабарламада.

Smiley face


Көзі: Yunews.kz