Қазақстанда Олимпиада құрамасына арналған ең үздік форма байқауы жарияланды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстанда Олимпиада құрамасына арналған ең үздік форма байқауы жарияланды

444

Smiley face

Токиода өтетін 2020 жылғы Олимпиада ойындарында парадтық және спорттық олимпиадалық форма жиынтығы мен құраманың киім-кешектері дизайнының тұжырымдамасын әзірлеуге конкурс жарияланды, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.

«Біз олимпиадашылар үшін әдемі және функционалдық форманы алып қана қоймай, сонымен қатар талантты шеберлерді, суретшілерді, дизайнерлерді қолдап, олармен бірге заманауи спорттық киім жасауда жаңа үрдістерді тауып, Қазақстандағы олимпиадалық қозғалысқа назар аударғымыз келеді», - деп атап өтті Қазақстан ҰОК.

Өтінімдерді 2019 жылдың 14 қазанынан 14 қарашасына дейін жіберуге болады.

Барлық жұмыстар ҰОК ресми сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылады.

Байқаудың жеңімпаздарын жанкүйерлердің пікірін ескере отырып, құрамына Қазақстан ҰОК, Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, белгілі спортшылар мен Атлеттер кіретін арнайы комиссия анықтайды.

Ең жақсы дизайн идеясының авторлары ақшалай сыйлықтарға ие болады.

Конкурстың қорытындысы 2019 жылы 23 қарашада www.olympic.kz сайтында шығарылады.

Естеріңізге сала кетейік, XXXII жазғы Олимпиада ойындары 2020 жылы 24 шілде мен 9 тамыз аралығында Жапония астанасында өтеді.


Көзі: Yunews.kz