Қазақстанның шығысында «Түлкіге аңшылық – 2019» оқу-жаттығуы басталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстанның шығысында «Түлкіге аңшылық – 2019» оқу-жаттығуы басталды

444

Smiley face

Шығыс Қазақстан облысындағы «Жаңа Ахмер» оқу полигонында «Түлкіге аңшылық -2019» әскери жаттығуы басталды.   Қазақстан мен Қытайдың арнайы бөлімшелері шартты заңсыз қарулы құрылымдарды жою бойынша бірлескен операция жүргізеді.

Жалпы алғанда екі елден 200-ден астам әскери қызметші, 30-ға жуық әскери және арнайы техника, сондай-ақ әскери авиация жұмылдырылған.

Оқу-жаттығу екі кезеңнен тұрады. Әрбір бөлімшелерге орындауға үш тәуліктен беріледі.

Smiley face

Сценарий бойынша заңсыз қарулы құрылымдар ел аумағына еңбек мигранттарын жасырумен кіреді. Олар арандатушылық акциялар мен диверсиялар өткізеді. Жағдайдың одан әрі шиеленісуіне жол бермеу үшін шартты жау жасағын жою бойынша арнайы операция жүргізу туралы шешім қабылданды.

Бірінші кезеңде екі елдің әскери қызметшілері жиынтық тактикалық жасақтарды құрады. Басқару органдары мен бөлімшелер жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіріліп, берілген ауданға марш жасайды және бірлескен арнайы операцияны орындауға дайындалады.

Екінші кезеңде бөлімшелер түнгі уақытта барлау-іздестіру әрекеттерін жүргізеді. Әскери авиация шартты жау базасына ұшады. Ұшқышсыз ұшу аппараттары әуе барлауын, ал әскери барлау тобы жау жасағына тосқауыл қоюды ұйымдастырады.

Айта кету керек, «Түлкіге аңшылық - 2019» оқу-жаттығуы халықаралық әскери ынтымақтастықты дамыту және нығайту, арнайы мақсаттағы бөлімшелер құрамының жеке және топтық дағдыларын арттыру мақсатын көздейді.

Smiley face

Оқу-жаттығу аясында екі елдің әскери қызметшілері дағдарыстық жағдайларда арнайы операцияны бірлесіп жоспарлаудың әдістемесін әзірлейтін болады деп күтілуде.


Көзі: Yunews.kz