Қазақстанда нан бағасы аздап қымбаттайды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстанда нан бағасы аздап қымбаттайды

444

Smiley face

Қазақстанда нан бағасы аздап өседі деп күтілуде. Алайда Азық-түлік корпорациясында нан бағасының күрт өсуіне жол бермес үшін жеткілікті астық көлемі бар. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Министр хабарлағандай, елімізде дәнді дақылдардың 15,2 млн гектар жалпы алқабының 15,1 млн гектары жиналды, бұл 99,2%-ды құрайды. 19,1 млн тонна астық бастырылды. Орташа өнімділік 12,6 ц/га құрады. 

"Бүгінгі таңда егін жинау жұмыстары 99,2% аяқталды. Қалған 0,8% - бұл жұмысты енді аяқтайтын шағын шаруашылықтар. Шығымдылығы, көлемі, жаңа астық сапасы бойынша мәселелер бар. Биылғы жылы бункерлік салмақта біз гектарына 12,6 центнер өнімділікпен 19,1 млн тонна астық бастырамыз деп жоспарлап отырмыз. Біздің алдын ала есептеуіміз бойынша, бізде өткен жылғы ауыспалы қалдықтарды есептемегенде 11,5-12 млн тонна бидай болады, сондықтан 14 млн тоннаға жуық астық үлестіріледі. Бұл бізге ішкі қажеттілікті 6 млн тоннаға жеткізу үшін жеткілікті", - деді С. Омаров.

Министр сондай-ақ  нан бағасы аздап өседі деп күтіледі, алайда Азық-түлік корпорациясында нан бағасының күрт өсуіне жол бермес үшін жеткілікті астық көлемі бар деп атап өтті.

"Нан бағасының күрт өсуіне жол бермеу үшін біз қазір тұрақтандыру қорына астық сатып алумен айналысамыз. Сонымен қатар, әрбір облыс әкімдігі астық пен ұн сатып алады. Жыл сайын ішкі нарықта бағаны тұрақтандыру үшін ақпан айынан шілде айына дейін Азық-түлік корпорациясы 150-ден 250 мың тоннаға дейін астық сатады. Биылғы жылы нан бағасының күрт өсуіне жол бермеу мақсатында ішкі нарыққа 150 мың тонна астық өткіздік", - деді С. Омаров.

Оның айтуынша, нан бағасын қалыптастыру тек бидайға ғана емес, басқа да қосымша шығындарға байланысты болады. Бұл энергия тұтыну, жалақы, жанармай және т.б.

 "Барлығы нарықтағы жағдайға байланысты. Бүгінде элеваторға 2,9 млн тонна астық жеткізілді. Қараша айының соңына қарай барлық астық элеваторларда болады, онда біз қандай баға қалыптасатынын түсінеміз. Нанның бағасы бидайға ғана байланысты емес, бидайдың нан бағасын қалыптастыруға қатысы 54%. Қалғандары басқа қосымша шығыстарға байланысты. Біз нан бағасы  күрт өспес үшін жұмыс істейтін боламыз.  Қазір нан бағасы өңірге байланысты 75-78 теңге. Мен баға болар-болмас өседі деп топшылап отырмын, - деп сендірді С.Омаров.

Өз кезегінде, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов бүгінгі таңда Азық-түлік корпорациясының тұрақтандыру қорында 350 мың тонна астық бар екенін атап өтті, оған қоса 70 мың тонна астыққа шарт жасалды - бұл 400-420 мың тонна астық. Бұл көлем ішкі нарықта бағаны тұрақтандыру үшін жеткілікті.

 

"Нан зауыттарының шығаратын өнімдерінің ассортиментінде түрлі нан түрлері бар. Біздің қызмет өрісінде әлеуметтік нан болады. Әкімдіктердің құралдары бар - бұл тұрақтандыру қорлары, онда ұн сатып алып, нан зауыттарына әлеуметтік нан пісіру үшін жеткізе алады. Және әкімдіктер екі бағытта жұмыс істейді: біреу ұн сатып алады, сақтайды және нан зауыттарына сатады, ал біреу керісінше, әлеуметтік нанға арзан кредит берді",-деп толықтырды Р. Құрманов.

"Азық-түлік корпорациясы" ҰК" АҚ Басқарушы директоры Нұрбек Дайырбековтың айтуынша, қазіргі уақытта республикада жалпы сақтау сыйымдылығы шамамен 12,2 млн тонна болатын 187 лицензияланған астық қабылдау кәсіпорны жұмыс істейді, олар әкімдіктер беретін лицензия негізінде астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызмет көрсетеді.

Бұдан басқа, АШТӨ-де 14,9 млн тонна астық сақтау сыйымдылығы бар. Осылайша, қолда бар астық сақтау сыйымдылықтарының жалпы көлемі 27,1 млн тоннаны құрайды, бұл болжанып отырған өнімді ескере отырып, астықты сақтау үшін жеткілікті.

"Бүгінгі таңда Азық-түлік корпорациясы республика бойынша нанның бағасын бақылайды. Біз бидайдың қандай сапасы жиналғанын, қандай саны жиналғанын көреміз. Осы сандарды ескере отырып, біз өз іс-қимылымызды әзірлейміз. Егін жинау жұмыстарының нәтижесі бойынша біз толық баға береміз және 2020 жылы күзгі-көктемгі кезеңде ішкі нарықта бағаны тұрақтандыру құралдары болуы үшін, азық-түлік корпорациясының тұрақтандыру қорларын қалыптастыру үшін нарыққа жаңа ұсыныстармен шығамыз", - деді Н.Дайырбеков.

Сонымен қатар, бүгінде бидайдағы экспорттық әлеует шамамен 6 млн тонна, арпа — шамамен 2 млн тонна және басқа да дәнді дақылдар — шамамен 300 мың тонна құрайды. Осылайша, барлығын қоса алғанда 2019 жылғы егіннен 8,3-8,5 млн тонна астық экспорты болжануда.


Көзі: yunews.kz