Маңғыстау футбол клубына жанкүйерлердің балағат сөздері үшін айыппұл салынды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Маңғыстау футбол клубына жанкүйерлердің балағат сөздері үшін айыппұл салынды

444

Smiley face

Қазақстан футбол федерациясы Бақылау-тәртіптік комитетінің отырысы өтті, оның барысында Маңғыстау облысының "Каспий" футбол клубына қатысты шешім қабылданды. Атап айтқанда, Бірінші лига клубтары арасындағы (XXIII тур) Қазақстан Республикасының біріншілігіндегі "Каспий" – "Қызыл-Жар СК" футбол командалары арасындағы матч туралы сөз болып отыр.

 "Клуб-мейманның қауіпсіздігін қамтамасыз етпеу, клуб-мейманның атына балағат сөздер айту, мінбеден бөтелкелер лақтыру,  Тәртіптік регламенттің 62-бабына сәйкес өрт сөндіру машинасының кеш келуі сияқты әрекеттермен көрінген матчты ұйымдастыру бойынша талаптарды сақтамағаны үшін "Каспий" футбол клубына 500 АЕК (1 млн 262 500 теңге) көлемінде айыппұл салынды", - делінген Қазақстан футбол федерациясы Бақылау-тәртіптік комитетінің хабарламасында.

"Каспий" футбол клубы айыппұлды ағымдағы жылдың 11 қарашасына дейін төлеуге міндетті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін "Каспий" футбол клубының жанкүйерлері Ақтаудағы матчтан кейін төрешілер мен қарсылас командаға тіл тигізген болатын.


Көзі: yunews.kz