Кокаин контрабандасының транзиттік арнасының жолын кесу туралы - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Кокаин контрабандасының транзиттік арнасының жолын кесу туралы

444

Smiley face

ҰҚК Алматы қ. бойынша департаменті ҰҚК Шымкент қ. бойынша департаментімен өзара іс-қимылда Бразилиядан БАӘ арқылы Қазақстанға және одан әрі Түркияға кокаин жеткізудің халықаралық арнасын анықтап, жолын кесті.   

Атап айтқанда, 2019 жылғы наурызда ҰҚК Алматы қ. бойынша департаменті жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы қ. әуежайында кокаинді контрабандалық әкелуді жүзеге асырды деген күдікпен «Дубай-Алматы» авиарейсінің жолаушысы ҚР азаматы М. Сатыбалдиевті ұстаған болатын.

Smiley face

Ұсталған адамды тексеру кезінде, оның ішінде Алматы қ. қалалық клиникалық ауруханасы жағдайында емдеу мекемесінің медициналық қызметкерлері жүзеге асырған процедуралар жолымен
М. Сатыбалдиевтің асқазан-ішек жолдарынан жалпы салмағы 460 грамм кокаины бар 42 капсула табылып, алынды.

Жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде оның туыстық байланысы Л. Құрманбаева ұсталды, ол көрсетілген есірткі партиясын Бразилиядан ҚР-ға контрабандалық жолмен жеткізуді ұйымдастырған, сондай-ақ оларды Түркияға тасымалдамақшы болған.

2019 жылғы маусымда Алматы қ. Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша сотының үкімімен Л. Құрманбаева мен
М. Сатыбалдиев ҚР ҚК 297-бабы 3-б. және 286-бабы 4-б. бойынша кінәлі деп танылып, қауіпсіздігі барынша жоғары түзеу колониясында жазасын өтеумен 15,5 жылға бас бостандықтарынан айырылды.

 


Көзі: yunews.kz