Алматыда ақаулы автобус жолаушыларды тасымалдады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алматыда ақаулы автобус жолаушыларды тасымалдады

444

Smiley face

Техникалық ақауы бар автобус бүкіл Алматы бойында жолаушылар тасымалдаған. 

Алматы облысы Іле ауданы Боралдай ауылынан "Саяхат" автовокзалына баратын 423-бағыттағы автобус полиция қызметкерлерімен "Қарасу" стационарлық экологиялық бекетінде ұсталды.

"Қоғамдық көлік рөлінде 1981 жылы туған А. атты азамат болған. Құқық белгілейтін құжаттарды тексеру кезінде оның техникалық байқаудан өту талоны болған жоқ. Және көлік құралын әрі қарай көзбен шолып тексеру барысында бұл автобустың техникалық байқаудан әлдеқашан өтпегені анықталды: ол былайша атқанда «соңғы демін алуда» деуге болады. Жүргізушіге қатысты екі әкімшілік хаттама жасалды: ҚР ӘҚБК 612-бабының 1 б. және 590-бабының 5 б. Сонымен қатар, желіге техникалық ақаулы көлік шығарғаны үшін әкімшілік ықпал ету шаралары автобус тиесілі тасымалдаушы-кәсіпорынның механигіне қатысты да  қабылданды. Хаттама ҚР ӘКБК 617-бабының 1 б. көзделген құқық бұзушылық белгілері бойынша жасалды, деп хабарлады Алматы қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Жандос Мұраталиев.

Smiley face


Көзі: yunews.kz