Маңғыстаулық самбошы әлем чемпионы атанды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Маңғыстаулық самбошы әлем чемпионы атанды

444

Smiley face

Самбодан жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем чемпионаты осы жолы Ташкентте 10-13 қазан аралығында өтті. Қазақстан құрамасы қатарында Маңғыстау облысының атынан екі спортшы Дәурен Төлегенов пен Нұрбек Қуанышұлы қатысты. Жалпы чемпионатқа 45 елден 500-ге жуық спортшы келді.

Нұрбек Қуанышұлы 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Ол Молдавия, Ресей және Грецияның спортшыларын жеңді. Алайда, оның соңғы айқаста алған жарақаты тәжікстандық қарсыласын жеңуге кедергі жасады.

Ал, 56 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Дәурен Төлегенов алдымен Түркіменстан, Колумбия және Әзірбайжаннан келген қарсыластарын жеңіп алды. Финалда Дәурен Өзбекстан құрамасының өкілімен кездесіп, 4:1 есебімен жеңіске жетті. Нәтижесінде Дәурен Төлегенов самбодан әлем чемпионы атанды.


Көзі: yunews.kz