Бай «қайыршылар» - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Бай «қайыршылар»

444

Smiley face

Алматы полициясы департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, полиция, прокуратура, аудандық әкімдіктер қызметкерлері мен халықты жұмыспен қамту орталықтарының өкілдерінен тұратын жұмыс топтары бір күн ішінде қайыршылықпен айналысатын 63 адамды, оның ішінде 7 кәмелетке толмаған баланы анықтады. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 449-бабы бойынша 13 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бөлімшеге жеткізілген барлық адамдармен әңгімелесулер жүргізілді, оларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету және жұмысқа орналасу мүмкіндігі үшін аудандық және облыстық жұмыспен қамту орталықтарына ақпарат жіберу мақсатында сауалнама деректері белгіленді.

"Сонымен қатар, тұрғындарға кейбір этностардың өкілдері дәстүрлі түрде қайыр сұрайтынын еске салу керек. Олар жұмыс істегісі келмейді және азаматтардың садақасы есебінен өмір сүреді: тіпті ауқатты өмір сүреді деп айтуға болады, ал басқалардың көзіне кедей болып көрінуге тырысады. Біз қала тұрғындары мен қонақтарын осы факторларды ескеруге және қайыр-садақа беруден бас тартуға шақырамыз, сонда олар өздері біздің қаламыздан кетеді", - деді Алматы полициясы департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Төрехан Исин.

Smiley face

Smiley face


Көзі: yunews.kz