РЖҚЖ құтқарушылары туристерді тауда сақ болуға шақырады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

РЖҚЖ құтқарушылары туристерді тауда сақ болуға шақырады

444

Smiley face

                Күзгі салқын ауа райына қарамастан, Іле Алатауының таулары туристерді  баурайды. 12 қазанда РЖҚЖ құтқарушылары екі рет тауға шығып, зардап шеккендерге көмек көрсетті.

                Бірінші болып РЖҚЖ-ның кезекші бөліміне Фурманов шыңының ауданында қыз аяғын қайырып алып, өздігінен қозғала алмайтындығы туралы хабарлама келіп түсті.  Құтқарушылар жедел тобы, құтқарушы-кинологпен іздестіру-құтқару жұмыстарына шықты. РЖҚЖ құтқарушылары іздестіру орнын мұқият қарап шықты, қыз байланысқа шықпады, телефоны байланыс аясынан тыс болды. Біраз уақыттан кейін кезекші бөлімге қыз   үйінде екендігі   туралы хабарлама келіп түсті, оған әкесі түсуге көмектескен екен.

                РЖҚЖ құтқарушылары келесі шақырту түскен кезде базаға қайтып үлгермеді. Бұл жолы тауда бес адам адасқан. Туристер қатты тұманның салдарынан Сол Талғар шатқалындағы соқпақтан  адасып кетті. Қардың қалың түсуі жағдайды нашарлатып, адасып кеткендердің барлығы  жеңіл киінген, аяқ киімдері бірден су болып, адамдар  тоңып қалған.

                РЖҚЖ құтқарушылары ауа райы жағдайына қарамастан зардап шеккендерді тез тауып алды. Олар салқындап қалған, бірақ медициналық көмекке ешкім мұқтаж емес. Мамандар туристерге жылы және құрғақ киім-кешек беріп, оларды жеке автокөліктерге дейін алып жүрді, жол бойына, таудағы жүріс-тұрыс ережелері туралы түсіндіруді де ұмытпады.

                Өкінішке орай, барлығы нақты қауіпті бағалай алмайды.  Жолдың ойлы – қырлылығынан  басқа, сіз биіктіктің деңгейін ескеру қажетсіз – жоғары жүрген сайын суық және жел  болады, жауын-шашын ықтималдығы артады, тіпті жазда да қар басталуы мүмкін. Қазіргі уақытта көшкін қаупі туралы ұмытуға болмайды,   түнде түскен қар қабаты  күзгі күнмен  еріп,  қар көшкініне әкеліп соғуы мүмкін. Есіңізде болсын, егер сіз тауға жиналсаңыз, қосымша жылы киімдерді ұмытпаңыз, әрқашан ауа – райының болжамын қадағалаңыз, дұрыс киімдерді және аяқ киімдерді таңдаңыз-таулар сақтық шараларының қадағаланбауын кешірмейді.

                Сондай-ақ, егер сізбен барлығы ойдағыдай болса, құтқарушылардың көмегі қажет болмаса, РЖҚЖ кезекші бөліміне (8-7273-72-15-60) бұл туралы дер кезінде хабарлаңыз. Кез келген уақытта, қайғыға тап болған адамға кәсіби мамандардың көмегі қажет болуы мүмкін.

 

 


Көзі: yunews.kz